jitsu gif

Экология министрі Қазақстандағы құрғақшылық болуы мүмкін аймақтарды атады

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылық қаупі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Биыл республиканың басым бөлігінде қыс жылы болды, қар қалың түсті, бұл жердің жақсы ылғалдануына септігін тигізді. Республиканың солтүстігі мен орталығындағы егіс алқаптарында ылғал қоры қанағаттанарлық және оңтайлы.

Алайда сәуірде күн ысып, булану әсерінен жердегі ылғал тез жоғалып жатқаны байқалады, сондықтан Батыс Қазақстан облысында (Сырым ауданы) егіс кезеңінде топырақтағы ылғал қоры жеткіліксіз болады деп күтіліп отыр", - деді Нысанбаев.

Осыған байланысты астықты аймақтарда егіс жұмыстарын климаттық мерзімнен ерте жүргізу ұсынылады.

"Мамырда республиканың басым бөлігінде күн ыстық және құрғақ болады деп күтіліп отыр. Мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда өңірінің солтүстік-батыс бөлігінде, Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облысының кей жерлерінде құрғақшылық күтіледі", - деді министр.

Ол сондай-ақ маусым және шілде айларында Қазақстанда ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілетінін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" өкілдері биыл мамырда күн негізінен ыстық әрі құрғақ болады деп болжағанын хабарлағанбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.