jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгіннен бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болды

автожол
Автожол. Көрнекі фото: Scott Barbour/Getty Images

Бүгін, 13 мамырдан бастап "Шу-Бурылбайтал" автожолы ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Шу-Бурылбайтал" автокөлік жолының 92,2-268 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.

"Балама тегін жол "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал" автокөлік жолы арқылы ұсынылады.

Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Бүгіннен бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.