jitsu gif

Келушілер суретке түсіріледі: Мамандандырылған ХҚКО-ларда биометриялық сәйкестендіру енгізілді

Биометрия
Биометрия. Көрнекі фото: metamorworks / Getty Images

Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-ларда биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.

"Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам", - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, егер келуші биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар "ХҚКО" мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады. 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.