jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен арыз жазып, сотта жеңіп шықты

Судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазалы аудандық сотында Ұ.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта А. есімді әйел келіні Ұ.-ны сыйламай, бейәдеп сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны анықталған.

"Сотта жәбірленуші енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Ұ.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған", - делінген сот хабарламасында.

Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен арыз жазып, сотта жеңіп шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.