jitsu gif

Өскеменде студент өзен ағысы әкетіп бара жатқан бес жасар баланы құтқарып алды

студент
Бес жасар баланы құтқарған студент. Фото: instagram.com/112shygysqaz_tjd

Өскеменде студент Үлбі өзеніне батып кете жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 13 мамырда болған.

Ерасыл Омарханов баланың Үлбі өзенінде суға батып бара жатқанын кездейсоқ байқап қалған.

"Ол абдырап қалмай, асығып жетіп, 5 жастағы баланы құтқарды. Белгілі болғандай, бүлдіршін әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүріп суға құлаған. Оны ағын әкеткен. Ерасыл дер кезінде оқиға орнында болған", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, Ерасыл Омарханов Қазақстан-Америка Еркін университетінің студенті.

Студент бұл ерлікті кез-келген адам жасайтынына сенімді және өзін батыр деп санамайтынын айтады.

Шығыс қазақстандық құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет екенін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.