jitsu gif

Қазақстандықтардың Грузияға кіре алмауы жиілеген: Қазақстан мен Грузия тарабы мәселені талқылады

Грузия туы
Грузия туы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстан мен Грузия консулдық мәселелер бойынша консультациялар өткізді. Кездесу барысында қазақстандықтардың Грузияға кіруге жиі рұқсат ала алмау мәселесі де қозғалған. Бұл туралы еліміздің сыртқы саяси ведомствосына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылаған.

Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, екіжақты және көпжақты шарттар мен консулдық-құқықтық саладағы халықаралық конвенциялардың орындалуы, қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық және азаматтарды экстрадициялау мәселелері мен күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылған.

"Кездесу аясында қазақ тарабы Грузия аумағына келген кезде ҚР азаматтарына кіруге жиілеп кеткен бас тартулар мен олардың кейіннен елден шығарылу жағдайларына алаңдаушылық білдірді.

Бұл ретте Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсаттармен келетіні және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтыны аталып өтті", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде грузин тарабы биылғы жылдың мамыр айының басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сендірген.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.