jitsu gif

СІМ өкілдері Мысырда Қазақстан азаматтарының жаппай ұсталуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Кісен
Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

Әлеуметтік желіде Мысырда шетелдіктердің яғни, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан азаматтарының жаппай ұсталып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "Осторожно, новости" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, жергілікті тұрғындар Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген отбасылар үйден, көшеден күшпен алып кеткен туыстарын апталап таба алмай жатқанын айтқан.

Сондай-ақ Telegram-арнада арнайы форма киген адамдардың бір ер адамды күшпен шағын автобусқа салып жатқаны бейнелеген видео да жарияланған.

Ұсталып, кейін депортацияланған студенттердің бірінің (қай мемлекеттің азаматы екен айтылмаған) айтуынша, оны мінәжат етуге бара жатқан кезде ұстаған.

"Мені мінәжат етуге бара жатқан кезде ұстады. Жоғары оқу орнымда оқитынымды дәлелдейтін құжаттарымды көрсетсем де, алып кетті. Не тамақ, не су бермеді. Плиткада ұйықтадық. Дәретханаға баруға да рұқсат бермеді. Мінәжат етпеуіміз үшін бізді екі-үшеуден кісендеп, ақша бопсалады", - дейді депортацияланған студенттердің бірі Telegram-арнаға берген сұқбатында.

Бұл жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгініп, пікір білдіруін сұрады. СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарынан өтініш түспегенін хабарлады.

Бұл ретте елшілік өкілдері студенттермен Мысырдың көші-қон заңнамасын сақтауға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.