jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Детонациялық сымдар, аммиак селитрасы": Ақмола облысында жарылғыш заттар тәркіленді

ҰҚК қызметкері
ҰҚК қызметкері. Фото: t.me/knbgov_kz

Ұлттық қаупсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымын тоқтатты. Бұл туралы ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленген.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған. Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылған.

"Детонациялық сымдар, аммиак селитрасы": Ақмола облысында жарылғыш заттар тәркіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.