jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретінін хабарлады

Бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін 18 мамырда елімізде күн райы қандай болады? "Қазгидромет" ауа райы болжамын ұсынды.

"Белсенді циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне жаңбыр, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерге қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Тек батыс өңірде антициклонның әсерінен құрғақ және ашық ауа райы сақталады", — делінген хабарламада.

"Қазгидромет" өрт қаупі жоғары өңірлерді атады.

"Оларға Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының батысы;

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігі;

Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысы;

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтары;

Атырау облысының оңтүстігі, батысы, солтүстік-шығысы;

Алматы облысының орталығы;

Жетісу облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі жатады", — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер төмендегідей:

  • Қызылорда, Түркістан облыстары;
  • Жамбыл облысының батысы, шығысы мен орталығы;
  • Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы;
  • ШҚО мен Алматы облысының батысы, солтүстігі;
  • Ақмола облысының батысы;
  • Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы;
  • Абай облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығы.

Сонымен қоса кейбір аймақта аптап ыстық сақталады. Мәселен Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндізгі уақытта ауа температурасы 35-37°С-қа дейін ысиды. Осы өңірлердің оңтүстігінде күн 40°С-қа дейін барады.

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретінін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.