jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алдағы жеті күнде Астанада жаңбыр жауып, күн 5 градусқа дейін суытады

Жаңбыр
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 19-26 мамыр аралығында күн суытып, ауа температурасы 5-8 градусқа дейін төмендейді әрі жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада 19 мамырда күн ашық болып, орташа ауа температурасы 15 градусты көрсетеді. Күндіз күн 19 градусқа дейін жылынуы мүмкін, бірақ түнде температура 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,9 м/с болады.

20 мамырда күн бұлтты, десе де жауын-шашынсыз болады, орташа ауа температурасы 18 градус шамасында болмақ. Ең жоғары температура 22 градусты, ал ең төменгі температура 11 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 5,9 м/с-қа дейін жетеді.

21 мамырда жауын-шашын болмайды, орташа температура 21 градусқа жетпек. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,1 м/с болады.

22 мамырда Астанада аздап жаңбыр жауады. Орташа температура 19 градус болмақ. Максималды температура 28 градусқа дейін көтеріліп, 14 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9,4 м/с болады.

23 мамырда тағы аздап жаңбыр жауады. Орташа тәуліктік температура 16 градус болмақ. Күндіз күн 19 градусқа дейін жылынса, түнде ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,3 м/с болады.

24 мамырда да жаңбыр жауады. Орташа температура 8 градус деңгейінде болмақ. Ең жоғары температура 11 градус, ең төменгісі 6 градус болады. Желдің жылдамдығы 7,1 м/с-қа дейін жетеді.

Елордада 25 мамырда тағы жаңбыр жауады. Ауаның орташа температурасы 8 градус болады. Күн 12 градусқа дейін жылыуы мүмкін, бірақ түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с болады.

Алдағы жеті күнде Астанада жаңбыр жауып, күн 5 градусқа дейін суытады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.