jitsu gif

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде аптап ыстық болады

Қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі, 20 мамырда Қазақстанның үш мегаполисінде – Астана, Алматы мен Шымкентте күн жауын-шашынсыз әрі ытстық болады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз 24 градусқа дейін көтерілсе, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с-қа жетеді.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз күн 23 градусқа дейін жылынса, түнде ауа температурасы 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,2 м/с.

Шымкентте де бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр бағаны 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.