jitsu gif

Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Жаңа мектеп
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 29 мектеп салынып, оның ішінде 13-і пайдалануға берілді. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 16 мектеп іске қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сондай-ақ "Қауіпсіз мектеп" жобасы аясында білім алушыларға толық жағдай жасалған. Оның ішінде, оқулықтармен, ыстық тамақпен, қосымша білім берумен қамтылған. Сонымен қатар мектептерді жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, облыста 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Биыл 41 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Оның ішінде 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 26 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Бұл ауылдағы оқушы мен қаладағы оқушының тең дәрежеде білім алуына жол ашады.

Жаңа мектептегі асхана
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аталған ауыл мектептерінің басым бөлігі 30-40 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Жөндеу жұмыстары тек ғимараттарға ғана жүргізілмейді. Мектептердегі асханалар, кітапханалар, спорт залдар, пән кабинеттері мен сынып бөлмелері толық жабдықталып, қауіпсіздік жүйесі мен жиһаздармен қамтамасыз етіледі. Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 6-ның қаржысы облыстық бюджеттен қаралған. Ал. 3 мектепті "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасымен жөндеу көзделген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.