jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Метро депосының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді: полиция алматылықтарға үндеу жасады

Антитеррорлық оқу-жаттығу
Антитеррорлық оқу-жаттығу. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Бүгін, 22 мамырда Алматы метрополитені депосының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Осыған байланысты полиция қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі АҚЖШ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"22 мамырда Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Шара кезінде метро пойыздарының қозғалысына шектеу қойылмайды.

Оқу тапсырмалары адам көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін механизмді жетілдіруге бағытталған.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

Сондай-ақ құзырлы орган өкілдері ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керектігін ескертті.

Метро депосының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді: полиция алматылықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.