jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр жауып, күн 37 градусқа дейін ысиды

Алқаптағы жаңбыр
Егін алқабына жаңбыр жауған сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бейсенбі, 22 мамырда Астанада жаңбыр жауады, ал Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады. Ауа райы болжамын "Қазгидромет" сайты ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр бағаны +30+32 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +16+18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін үдейді.

Астанада синоптиктер болжамынша, бүгін жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +23+25 градусқа жетіп, түнде +11+13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер аптап ыстық болады деп болжап отыр – күндіз ауа температурасы +35+37 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +18+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы: 8-13 м/с.

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр жауып, күн 37 градусқа дейін ысиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.