jitsu gif

Алматы базарлары мен саябақтарында электрокарларға арналған 311 қуаттау бекеті орнатылады

Электромобиль
Электромобиль. Көрнекі фото: Seksan Mongkhonkhamsao / Getty Images

Жыл соңына дейін Алматыда электромобильдерге арналған 311 зарядтау станциясы пайда болады. Олар базар, саябақ, дәмхана және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында орнатылмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда электр зарядтау станцияларын орнату үшін 311 жер телімі бөлінді. Әр учаскеде отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген, қуаты 60 кВт-тан басталатын бір қуаттау бекетін орнатады. Жоспар жүзеге асса қалада 622 жаңа паркоместр пайда болады.

Әкімдік өкілдерінің есебіне сәйкес, бір учаскеге инвестор кем дегенде 10 млн теңге жұмсайды. Бұл ретте аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 киловаты 100 теңгеден аспайды.

Учаскелер инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді.

"Қуаттау бекетін қала тұрғындарының жаппай жүретін базар, саябақ, кафе және басқа да қоғамдық кеңістік аумағында орнату жоспарланып отыр.

Барлық станция биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда Алматыда жеке аумақтарда 300-ден астам қуаттау бекеті орнатылған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өсті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.