jitsu gif

650 жолаушыға дейін сыйдыра алады: LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді (фото, видео)

LRT вагоны
LRT вагоны. Фото: CTS-дың баспасөз қызметі

Қытайдың Таншань қаласында Астанаға LRT вагондарының алғашқы екі құрамын жөнелту рәсімі өтті, деп хабарлайды CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, Таншань қаласындағы зауытта жоба аясында барлығы 19 жылжымалы құрам өндіріледі.

Заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін, автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі вагондардың әрқайсысы 650 жолаушыға дейін сыйдыра алады.

LRT вагонының іші
LRT вагонының іші. Фото: CTS-дың баспасөз қызметі

"Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 құрам осы жылдың соңына дейін жеткізіледі. Желіні сынақтан өткізуді бастау қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді компания өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.