jitsu gif

Шығысқазақстандық оқушы Канададағы беделді университеттен оқуға шақырту алды

оқушы қыз
Оқушы қыз. Көрнекі фото: pexels.com

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12А сынып оқушысы Дариға Қалымбекова халықаралық деңгейдегі жоғары академиялық жетістігімен танылып, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірінен шақырту алды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Басылымның жазуынша, жас дарын Канададағы беделді University of Toronto жоғары оқу орнына Civil Engineering (азаматтық инженерия) мамандығы бойынша оқуға қабылданған.

Бұл жетістікке ол өзінің табандылығы мен білімге деген ынтасының арқасында жеткен.

"Оның SAT – 1510, IELTS – 7.5 және GPA – 5.0/5.0 сынды жоғары көрсеткіштері академиялық дайындығының айғағы", - деп жазады басылым.

Дариға мектеп қабырғасында жүріп-ақ ғылыммен шұғылданып, өз саласына терең үңіле білген. Ол химия пәні бойынша желілік ғылыми жобалар байқауына қатысып, "Кендірлік кен орны қоңыр көмірінен алынған гумин қышқылының судағы микроағзаларға әсерін зерттеу" тақырыбында зерттеу жүргізген.

Жас зерттеушінің бұл еңбегі экология мен химияның тоғысқан өзекті мәселесін қозғап, судың биологиялық тазалығы мен экожүйе тепе-теңдігін сақтау жолдарын қарастырады.

"Бұл зерттеу менің ғылымға деген қызығушылығымды одан әрі арттырды. Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын сақтау бағытындағы жобалар маған ерекше ұнайды", - дейді Дариға.

Жас түлек алдағы уақытта азаматтық инженерия саласында елге пайдалы жобалармен айналысуды армандайды.

"Мен өз елімнің дамуына үлес қосқым келеді. Қай жерде жүрсем де, туған елімді ұмытпаймын. Қазақстандағы инфрақұрылым мен экологиялық жобаларды жақсартуға атсалысқым келеді", - дейді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.