Қазақстанда көліктің алдыңғы екі терезесін қараңғылауға рұқсат беру ұсынылды
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін мәжіліс депутаты Олжас Құспеков көліктің алдыңғы екі терезесін ақылы негізде қараңғылауға рұқсат беруді ұсынып, сауал тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Олжас Құспековтың айтуынша, көліктің алдыңғы екі терезесін ақылы негізде қараңғылауды заңдастыру "бюджетке түсетін тұрақты салықтың көзіне" айналуы мүмкін. Ол Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай келе биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 6,1 млн көлік тіркелгенін, оның 86,5 пайызы жеңіл көлік екенін айтты.
"Автокөлік паркінің 5 пайызын қамтығанның өзінде және рұқсат алудың орташа құны 50 АЕК (196 600 теңге – ред. ескерт.) болғанның өзінде бюджет кірісінің әлеуетті көлемі жылына 50 млрд теңгеден асуы мүмкін. Бұл қаражатты инфрақұрылымды қалпына келтіру мен дамытуға, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға пайдалануға болады", - деді Құспеков.
Оның айтуынша, алдыңғы екі терезені қараңғылауды заңдастырса, рұқсат берудің маңызды шарты – кемінде 70 пайыз жарық өткізгіштік болуы керек. Оның айтуынша, Қырғызстан мен Өзбекстанда оны заңдастыру бойынша оң тәжірибе бар. Депутат бұл қаражатты жол инфрақұрылымын дамытудың мақсатты қорына бағыттауды ұсынды.
"Қосымша ұсыныс ретінде эконом, бизнес және премиум сияқты көлік құралының санатына қарай рұқсат берудің сараланған тарифтерін енгізу мүмкіндігі бар", - деді Құспеков.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2249858-qazaqstanda-kolikting-aldynggy-eki-terezesin-qaranggylauga-ruqsat-beru-usynyldy/