jitsu gif

Шерзат ісін қарайтын судьяға сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы шағым түсірді

Ержан Жанұзақос
Сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов. Фото: Telegram/Жоғарғы сот

Бүгін, 28 мамырла Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.

Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды", - делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.