jitsu gif

"Қажеттінің бәрін жасадық": СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша пікір білдірді

Ақжарқын Тұрлыбай
Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін брифингте Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару бойынша СІМ қандай шаралар қолға алып жатқанын сұрады.

"Бас прокуратура желісі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қажеттінің барлығын жасадық. Ары қарай Бас прокуратура ақпарат алмасу бойынша жұмыс істейді.

Бұған дейін елшіліктер қызметкерлері кездесті делінген болатын. Иә, бұл біздің елшінің жыл сайынғы міндеті - шетелдерде түрмеде отырған азаматтарға бару. Сондықтан жұмыс атқарылып жатыр", - деп хабарлады Айбек Смадияров.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.