jitsu gif

Конституцияның 30 жылдығына байланысты сотталғандардың кейбіріне рақымшылық жасалуы мүмкін

түрме торы
Түрме торы. Көрнекі фото: JohnnyGreig / Getty Images

Мәжіліске "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы ұсынылды. Заң жобасы бойынша сотталғандардың кейбірін қылмыстық жауапкершіліктен босату көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан:

  • қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
  • залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар;
  • залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады.

Сондай-ақ құжатта әлеуметтік жағынан осал адамдарға кім жататыны көрсетілген.

Негізгі жазадан теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы заң қолданысқа енгiзілетін күнге жазасын өтеуіне бiр жылдан аз уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандар босатылады.

Құжатта іс жүргізудегі қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер қылмыстық процесті жүргізетін органның адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, тоқтатуына жататыны айтылған.

Сонымен қатар рақымшылықта негізгі жазаның мерзімін немесе мөлшерін азайту да қарастырылған.

Сондай-ақ рақымшылыққа ілінбейтін тұлғалар тізімі көрсетілген.

Толығырақ мына жерден білуге болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.