jitsu gif

Астана аспанында белгісіз нысандардың пайда болуы: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады (видео)

Астана аспанындағы жарық нысандар
Астана аспанындағы жарық нысандар. Кадр видеодан алынды: t.me/kozachkow

Қорғаныс министрлігі Астана, Шымкент, Қарағанды және Қазақстанның басқа да қала тұрғындары байқаған аспандағы жарық нысандар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді.

Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де түсініктеме беруге уәде еткен еді.

Еске салайық, бүгін тұрғындар Астана аспанында пайда болған жарқыраған нысандар туралы әлеуметтік желілерде жарыса жазған. Халық бұл нысандарды құлап келе жатқан метеориттер немесе дрон сынықтары деп болжады. Кейін желі қолданушылары мұндай нысандарды Шымкент, Қарағанды, Теміртау және басқа да қалалардың тұрғындары да байқағаны айта бастады.

Айта кетейік, дәл осындай құбылыс өткен жылдың маусым айында Алматы, Талғар және Қонаев қаласында да байқалған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.