jitsu gif

"Су деңгейі төмендей береді": сарапшы Каспий теңізіне қатысты болжамды жариялады

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: ocean.ru / Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институты

Океанолог Владимир Шевченко алдағы 25-50 жыл ішінде Каспий теңізіндегі су деңгейі төмендей түсетінін, ал мұның алдын алу қиынға соғатынын ескертті. Бұл туралы РИА Новости жазады.

П.Ширшов атындағы Океанология институты директорының міндетін атқарушы Владимир Шевченко басылымға ғалымдардың Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі туралы болжамын айтып берді.

"Су деңгейінің төмендеуіне жол бермеу қиын. Бұл жаһандық және аймақтық климаттың өзгеруі салдарынан болып жатқан табиғи құбылыс, бұл теңіз суының булану процесінің жеделдеуіне әкелді. Теңіз суы деңгейінің төмендеуіне төтеп беру өте қиын. Еділ ағыны соңғы жылдары шынымен де азайып келе жатқанын ескерсек, біз оны бұған себеп болып отыр деп те айта алмаймыз", - дейді сарапшы.

Ол 30 жыл ішінде теңіз деңгейінің 3 метрге төмендегенін атап өтті.

Ғалым, сонымен қатар, Каспий теңізі де Аралдың тағдырын қайталайды деп топшылаған дұрыс емес екенін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.