jitsu gif

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметі жеңілдей түсті

Жүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі. Иллюстрациялық фото: gov.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеруді енгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Енді азаматтарға "Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі.

Бұл жаңашылдық өтініштердің қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" хабарламасында.

Мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің хабарлауынша, аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

"Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ", - деп еске салды Мемлекеттік корпорация өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.