jitsu gif

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қай уақыттан бастап заңды түрде жұмыс істей алады

Төлқұжат ұстап тұрған адам
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Министрлер кабинетінде өткен брифингте Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің төрағасы Ерболат Әбілхатин қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қай уақыттан бастап заңды түрде жұмыс істей алатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің төрағасы Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, 2024 жылы көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданған, ондағы мақсаттың бірі қазақстандықтардың шетелде, соның ішінде Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс табу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ол үшін Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment  Permit  System (жұмысқа орналасуға рұқсат беру) жүйесіне қосылуы керек.

"Бірқатар елмен келісімшарт жасау бойынша іс-шара жүргізіліп жатыр. Өткен жылы Қатар мемлекетімен қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол қойылды. Оңтүстік Кореямен де ауқымды жұмыстар атқарылды. Біздің азаматтар, әсіресе, оңтүстік өңірлердің тұрғындары, өкінішке қарай, заңсыз жұмыс істеп жүр, олардың тарапынан қызығушылық жоғары. Мұндағы мақсат - сол азаматтардың жұмысын заңдастыру.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға тиісті ұсыныстар жолдағанымен, олардың үкіметінің ауысуына байланысты бұл жұмыс біршама баяулап қалды. Соған қарамастан, жаңа үкімет пен президент келгенін ескере отырып, былтыр басталған жұмыстар биыл аяқталады деп ойлаймын", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл процесс Қазақстанға байланысты емес.

"Бәрі Оңтүстік Корея үкіметінің шешіміне байланысты", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.