jitsu gif

Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешені бұзылып жатыр (фото)

Orda City тұрғын үй кешені
Orda City тұрғын үй кешені. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сот шешімімен Алматыдағы "Теректі" шағынауданындағы Orda City тұрғын үй кешені бұзылып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қаладағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілуде.

Бүгін Қалалық құрылыс бақылау басқармасы "Теректі" шағынауданы Айналма көшесі, 183-учаскеде орналасқан заңсыз нысанды бұзу басталғанын хабарлаған.

Orda City тұрғын үй кешені
Orda City тұрғын үй кешені. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұған дейін бұл тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген.

Анықталғандай, құрылыс салушы – Investment Stroy ЖШС аталған тұрғын үй кешенін рұқсатсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.

Orda City тұрғын үй кешені
Orda City тұрғын үй кешені. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (СМЭС) нысанды бұзу және шұңқырды қайта көміп тастау жөнінде талап арыз берілген.

Orda City тұрғын үй кешені
Orda City тұрғын үй кешені. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"2023 жылғы 12 шілдеде сот Құрылыс бақылау басқармасының талаптарын қанағаттандырды. Апелляциялық шағым қаралғаннан кейін Алматы қалалық соты СМЭС шешімін өзгеріссіз қалдырды. Іс материалдары орындау үшін Әділет департаментіне жіберілді.

Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасы азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғын үй кешеніне қатысты барлық құжаттардың болуын міндетті түрде тексеруді ұсынады", - делінген хабарламада.

Orda City тұрғын үй кешені
Orda City тұрғын үй кешені. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.