jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Жүйелі түрде жәбірлеп, жұмыс істеткен": Жамбыл облысында мектеп оқушысы буллингке ұшыраған

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

сыныпЖамбыл облысы Меркі аудандық сотында өзінен кіші оқушыға зәбір көрсетіп, оны жұмыс істеуге мәжбүрлеген 9 сынып оқушысына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Меркі аудандық соты кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша азаматша К.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі).

2025 жылдың сәуірінде орта мектептің 9 сынып оқушысы – 15 жасар кәмелетке толмаған О. өзінен төмен сыныпта оқитын Н.-ды әр түрлі жұмыс түрлеріне мәжбүрлеп, жүйелі түрде оны жәбірлеген (буллинг)", - делінген хабарламада.

Осылайша сот қаулысымен заңды өкіл К. ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.️ Сот актісі заңды күшіне енді.

"Жүйелі түрде жәбірлеп, жұмыс істеткен": Жамбыл облысында мектеп оқушысы буллингке ұшыраған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.