jitsu gif

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау пункттері ашылды

Дәрілер
Дәрі-дәрмек. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының 36 емханасында кәдеге жарату үшінмерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kazinform.

Дәрі-дәрмектер — қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсенді заттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді.

Не тапсыра аласыз?

Таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер, гельдер, ампулалар, бөтелкелер, сироптар және сұйық ерітінділер.

"Тапсырар алдында препараттарды тығыз пакетке салып, байлаңыз. Қан болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыра алмайсыз — олар медициналық мекемелерде бөлек жойылады", — делінген хабарламада.

Қабылдау пункттері бар емханалардың толық тізімі EcoNetwork сайтында қолжетімді.

Айта кетелік Асхат Аймағамбетов еліміз дәрілік заттардың импортына батып баратынын айтқан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.