Астанада "Хан Шатырдың" ар жағындағы жол бірнеше күнге жабылады
Опубликовано:
Читать на русском
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Хан Шатыр маңындағы жолдардың бірі бірнеше күнге жабылатыны ескертілді, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Астанада Достық пен Д.Қонаев көшелері бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты, 14-19 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2255463-astanada-han-shatyrdyng-artyndagy-zhol-birneshe-kunge-zhabylady/