jitsu gif branding logo appbranding logo app

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы: Дубайда қалып қойған жүздеген қазақстандық елге жеткізілді

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық туристері бар FlyDubai әуе компаниясының ұшағы Алматыға қонды. Спорт және туризм министрлігінің Telegram-арнасы екі ұшақ бүгін таңертең елге келгенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден бірнеше өңірге, оның ішінде Қазақстанға рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды.

"Бұған дейін Қазақстан көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын. FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында бұл елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді.

13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық турист туроператорлар арқылы туризм және спорт министрлігі, сыртқы істер министрлігі, Қазақстан елшілігі және "Туристік Қамқор" қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды", - делінген ААК хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.