jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Росатом" Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын 2036 жылға қарай салып бітіреді

Атом электр станциясы
АЭС. Көрнекі фото: Thomas Niedermueller/Getty Images

Қазақстанда бірінші АЭС құрылысы шамамен 2035-2036 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Агенттіктің баспасөз қызметі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салудың болжамды мерзімі туралы сұраққа жауап берді.

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салудан бастап пайдалануға беруге 10-12 жыл кетеді. Осылайша құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдар деп жоспарланып отыр. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарға сәйкес екенін растайды", - делінген БАҚ сауалдарына жауап берген агенттік өкілдері.

Еске сала кетейік, өткен сенбі, 14 маусымда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде "Росатом" таңдалғаны белгілі болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.