jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Сәл қымбатырақ болады": Цифрлық даму министрі Илон Масктың спутниктік интернетін орнату бағасы туралы айтты

Starlink интернеті
Түркістан облысындағы Starlink интернеті. Фото: gov.kz

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Starlink спутниктік интернеті қазақстандықтарға қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаслан Мәдиев спутниктік интернетті де, талшықты-оптикалық байланыс желілерін де дамыту керегін атап өтті.

"Starlink бүкіл ел аумағында толық форматта жұмыс істейді және оны кез келген азамат 2025 жылдың үшінші тоқсанында пайдалана алады", - деді ол.

Министр қазір компания бағаларды нақтылап, құрылыс салу бойынша техникалық мәселелерді, қай жерде орналасатынын анықтап жатыр.

"Осылайша үшінші тоқсанда спутниктік интернет қолжетімді болады. Бірақ бұл оптикалық интернетпен салыстырғанда сәл қымбатырақ болады, сондықтан азаматтар өзі таңдай алады", - дейді министр.

Еске сала кетейік, жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойғанын хабарлағанбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.