jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ішкі істер министрі Сәденов Кәрім Мәсімовтің денсаулық жағдайына қатысты сұраққа жауап берді

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жазасын өтеп жатқан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулық жағдайына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, Мәсімовтің жағдайы қалыпты, медициналық есепте тұрмайды.

"Ресми түрде айтамын жағдайы қалыпты. Ол бас бостандығынан айыру мекемесінде отыр", - деді Ержан Сәденов.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы сәуірде Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасаларына сот үкімі шықты. Мәсімов Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін Мәсімовтің президенттен рақымшылық жасауын сұрағыны белгілі болды.

Алайда президент Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысымен келісіп, рақымшылық жасаудан бас тартты.

Ішкі істер министрі Сәденов Кәрім Мәсімовтің денсаулық жағдайына қатысты сұраққа жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.