jitsu gif branding logo appbranding logo app

Марқұм Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма: Ішкі істер министрі жауап берді

Қаржаубай Нұрымов
Қаржаубай Нұрымов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты "қылмыстық іс қозғалды ма, жоқ па" деген журналистердің сұрағына жауап берді. Бұған дейін сот барысында сотталушылардың адвокаттары осындай талап қойған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрінен марқұм болған жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қандай да бір қылмыстық іске қатысы бар-жоғы сұралды.

"Мұндай сауалдарыңызды ресми түрде жолдаңыздар. Жалпы Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс жоқ деп айтайын", - деп жауап берді Ержан Сәденов.

Бұған дейін Ішкі істер министрі марқұм Шерзат Болаттың үйінің өртенуі мен оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеудің барысы туралы айтқан болатын.

Еске сала кетейік, осы іс бойынша сотталған Дидар Қалиахметтің адвокаты сот жарыссөзінде марқұм Шерзат Болатқа, оның әкесі мен ағасына қатысты Қылмыстық кодекс аясында жеке шешім шығаруды сұраған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.