jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтауда лицей түлектері сәнді киімнен бас тартып, қайырымдылық қорына ақша аударды

Студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Mark Draisey photography/Getty Images

Ақтауда мамандандырылған IT лицейдің түлектері сәнді киімнен бас тартып, қайырымдылық қорына ақша аударды, деп хабарлайды otpannews.kz.

Басылымның мәліметінше, Ақтауда мамандандырылған IT лицейде 2025 жылғы түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстау рәсімі өткен.

Биыл білім ордасын 97 оқушы тәмамдаған, олардың қатарында "Алтын белгі" иегерлері мен үздік аттестат алған түлектер бар.

Салтанатты жиында лицей директоры Моншақ Ғайыпбаева мен өңірдегі білім беру ұйымдары мен серіктес мекемелердің өкілдері сөз сөйлеп, түлектерді құттықтаған.

Басылымның жазуынша, бұл шарада ереше атап өтерлік жайт – түлектердің әдемі киімнен бас тартып, сол қаражатты қайырымдылық қорына аударғаны.

Олар аутизмге шалдыққан балаларды қолдайтын орталыққа 500 мың теңгенің сертификатын табыстаған.

Осылайша түлектер қайырымдылық эстафетасын облыстағы басқа мектептердің түлектеріне жолдаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.