jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандық дәрігер қызметін тастап, асыл тұқымды қой өсірумен айналысып кетті

Дархан Станбеков
Дархан Станбеков. Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстандық Дархан Станбеков бірнеше жылдық дәрігерлік мансабын тастап, бүгінде мал шаруашылығын, атап айтқанда асыл тұқымды қой өсіруді жолға қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Дархан Станбековтың ауыл шаруашылығына бет бұру жолы адамға деген қамқорлықтан басталған. Ол Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдап, терапия мамандығы бойынша интернатураны, қоғамдық денсаулық сақтау саласында магистратураны меңгерген.

Жедел жәрдем қызметінде, кейіннен Қазақ Ұлттық фтизиопульмонология институтында фтизиатр болып жұмыс істеді. Алайда жүрек қалауы тыныш далаға, мал шаруашылығына, туған жерге пайдалы еңбекке жетеледі.

Бүгінде оның "Жанасыл" шаруашылығы мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысады, ал 2023 жылдан бастап асыл тұқымды қой өсіруді жолға қойған. Жаз мезгілін ол түгелдей дерлік далада өткізеді, жем-шөпті өзі дайындайды, төлдеу маусымында демалыссыз жұмыс істейді.

Дархан Станбеков
Дархан Станбеков. Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Дархан республикалық және халықаралық асыл тұқымды қой көрмелеріне тұрақты қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ақ ол туған ауылында қайырымдылық пен қоғамдық бастамаларға белсене қатысып, мұқтаж жандарға көмектесіп, жастарды қолдап келеді.

"Дархан Станбековтың өмір жолы – жоғары білімді, ісіне адалдықты және туған жерге деген сүйіспеншілікті ұштастыруға болатынын дәлелдейтін шабытты мысал. Мұндай азаматтар – ауыл экономикасының тірегі, елдің мақтанышы", - дейді министрліктегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанға танымал тележүргізуші мансабын тастап, мал шаруашылығын қолға алғанын жазғанбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.