jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Семейде жоғалған жеті жасар бала үйінен 10 км жерден табылды: іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан

Бала
Бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Семейде 1000-нан астам тұрғын түні бойы іздеген 7 жасар бала үйінен 10 км жерден табылды. Бала орманнан табылған деп жазады Абай облысы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Абай облысы полция департаменті 7 жасар балаға іздеу салынғанын хабарлаған. ПД-ға кәмелетке толмаған, 2018 жылғы баланың жоғалғаны туралы ақпара келіп түскен. Баланың дамуына ерекшеліктері бар екені де хабарланды. Артынша полиция баланы іздеуге атсалысқысы келген еріктілерді шақырды. Түні бойы баланы 1000-нан астам адам іздеді.

"Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты. Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады", - делінген ПД хабарламасында.

Семейде жоғалған жеті жасар бала үйінен 10 км жерден табылды: іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.