jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы-Бішкек тасжолында жол апаты болды: бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Алматы-Бішкек тасжолындағы жол апаты
Алматы-Бішкек тасжолындағы жол апаты. Фото: instagram.com/sergek.kaz

Алматы-Бішкек тасжолында үш көлік құралы жаппай жол апатына түсті. Салдарынан бес адам қаза тауып, төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Алматы облысы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Sergek.kaz Instagram парақшасында Алматы-Бішкек тасжолында болған жол апатының кадрлары жарияланды. Жол апатынан жеңіл көлік пен жүк көлігіне зақым келген. Сонымен бірге жүк көлігінің тіркемесі өртке оранды.

Жарияланымға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство жол апаты Алматы-Бішкек тасжолында болған.

"Алдын ала дерек бойынша Mitsubishi Pajero автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Highlander көлігіне, сосын тіркемесі бар DAF жүк көлігінің соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы және Toyota Highlander көлігінде отырған бір жолаушы - бас-аяғы бес адам көз жұмды. Қалған жолаушылар медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Назар аударыңыз! 18+! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.