jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Бәйтерек
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алдағы айда, дәлірек айтқанда, 6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді. Мерекеге орай ел тұрғындары қосымша демалыс алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл Астана күні жексенбі, 6 шілдеге сәйкес келеді. eGov сайтында көрсетілгендей, мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады.

Осылайша, дүйсенбі, 7 шілде де демалыс күні болады. Бұл аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге ғана қатысты екенін ескерген жөн. Алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6 және 7 шілдеде демалады.

Жалпы, шілдеде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды тоғыз демалыс күні күтіп тұр.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Мемлекеттік мерекелерге қоғамдық-саяси маңызы бар күндер және Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер жатады. Мемлекеттік мерекелерді атап өту ресми іс-шаралармен қатар жүруі мүмкін.

Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.