jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шілдеде Қазақстанның 12 облысында құрғақшылық күтіледі

құрғақшылық
Құрғақшылық. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Шілдеде еліміздің 12 өңірінде құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, шілде айында құрғақшылық күтілетін аумақтардың ауданы ұлғаяды.

Алдын ала есептеулер бойынша 2025 жылға шілдеде бірқалыпты құрғақшылық мына облыстардағы аудандарда күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
  • Атырау облысының Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
  • Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Абай облысының Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • сондай-ақ Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.

Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.