jitsu gif branding logo appbranding logo app

35 жасқа дейінгі азаматтар арасында "Дарын" мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды

Құжат толтырып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылданады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау "Әдебиет", "Ғылым", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Журналистика", "Классикалық музыка", "Қоғамдық қызмет", "Спорт", "Театр және кино", "Эстрада", "Халық шығармашылығы" атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

"Дарын" жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді және мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:

  1. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
  3. өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
  4. марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  5. кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
  6. банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
  7. кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

Жеңімпаздарға "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

"Дарын" жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-тан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар (қағаз нұсқа) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа) premiya.daryn@mki.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары:

  • 8 (7172) 74-05-25,
  • 8 (7172) 74-18-43,
  • 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.