jitsu gif branding logo appbranding logo app

Сенат депутаты: Қазақстанда бірнеше үйі болса да атаулы әлеуметтік көмек алатын 15 отбасы анықталды

Бекболат Орынбеков
Сенат депутаты Бекболат Орынбеков. Видеодан кадр: Telegram/senate

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында сенат депутаты Бекболат Орынбеков елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатын 15 отбасының иелігінде 6-дан 12-ге дейін жылжымайтын мүлік тіркелгенін айтып, Еңбек министрі Светлана Жақыповаға осыған қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенатордың айтуынша, соңғы жылдары әлеуметтік көмек пен жұмыспен қамту шараларына бөлінетін шығын көлемі артып келеді. 2023 жылы бұл мақсатқа 195 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы 208 млрд теңге қарастырылған.

Сенатор қаржы көлемі артқанымен ол сапалық өзгерістер әкелмей жатқанын айтты. Осы орайда Бекболат Орынбеков министрден жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және әлеуметтік көмекті жақсарту бойынша, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша қандай жоспар барын сұрады.

"Мысалы бүгінгі таңда 2022-2023 жылдары халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша грант алушылардың 45 пайыздан астамы өз қызметін тоқтатты.

"Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша 2024 жылы 30 мың қатысушының 3,5 мыңы тұрақты жұмысқа орналаса алды, бұл тиімділіктің төмен екенін көрсетеді. Дәл осындай жағдай "Күміс жас" бағдарламасына да қатысты.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша атында 6-12 жылжымайтын мүлкі бар 15 отбасы анықталды, осы көмекті алушылар арасынан 1,5 мың отбасының коммерциялық жылжымайтын мүлкі бар", - деп сандарды келтірді сенатор.

Сенат депутаты жұмыспен қамтуды қолдау және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қазіргі тәсілдерін қайта қарау керек екенін айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.