jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте Polpharma Santo жаңа бренді мен GMP еуропалық стандарты ұсынылды

Шымкентте Polpharma Santo жаңа бренді мен GMP еуропалық стандарты ұсынылды
Фото: Santo

24 маусымда Шымкентте еліміздің фармацевтикалық саласындағы маңызды іс-шара өтті. Жетекші зауыт базасында Polpharma Santo жаңа бренді ұсынылып, Еуропалық одақтың GMP сертифкаты табысталды. Халықаралық деңгейде мойындалу және жаңа нарықтарға шығуға жасалған қадамды компания әріптестері, серіктестері, мемлекеттік құрылымдар мен ғылым өкілдерімен бірге атап өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Тимур Мұратов қатысты.

Еуроодақтың GMP сертификаты (Good Manufacturing Practice) — бұл барлық өндірістік процесстің сапаның, қауіпсіздік пен бақылаудың қатаң талаптарына сәйкестігін растайды және дәрі-дәрмекті Еуропалық одаққа мүше елдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін мұндай сертификатқа алғаш рет ие болу – фармацевтика саласы мен бүтін экономиканың дамуындағы маңызды қадам.

Адам Алексеюк
Адам Алексеюк. Фото: Santo

"Euro GMP стандарттарына сай мұндай кәсіпорын бүгінде Орталық Азияның ешбір елінде жоқ. Бұл – осында, Шымкентте өндірілген әр таблетканың сапасының кепілі. Бұл компания үшін ғана емес, сондай-ақ бүтін Қазақстан үшін мәртебе", - деп атап өтті Polpharma Santo бас директоры Адам Алексеюк.

Ол компания ребрендингі жай ғана тақтайшадағы жазуды өзгерту емес екенін, соңғы жылдары жүзеге асырылған ішкі терең өзгерістердің көрінісін айқындайтынын жеткізді. Polpharma — еуропалық фармөндірістің символы, ал Santo — тарих, адамдар және сабақтастық.

"Бренд — бұл тек логотип емес. Бұл өзіміз туралы не ойлайтынымыз және бізді әлем қалай қабылдайтынын көрсететін белгі. Polpharma Santo — дәрі-дәрмекті ең жоғары стандарттар бойынша жасайтынымыздың белгісі. Ал "Santo" — бұл зауыттың негізін қалаған, пандемия кезінде елімізді антибиотиктермен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні еңбек еткен командамыздың бейнесі. Бұл атаудың намысын қорғап қалдық, себебі оның артында жанкештілік, адалдық және қайсарлық жатыр", - деп қосты Алексеюк.

Салтанатты шараға қатысқан Polpharma бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак соңғы 15 жылда компания жүріп өткен жолды сөз етіп, оның кеңестік кезеңдегі зауыттан әлемдік деңгейдегі заманауи еуропалық кәсіпорынға айналғанын ерекше атап өтті.

Ежи Старак
Ежи Старак. Фото: Santo

"Алғаш рет Шымкентке келген кезде ескі заман қағидаларына сай жұмыс істейтін зауытты көрдім. Бәрін өзгерту туралы шешім қабылдап, қадам қадаммен алға жылжыдық. Бүгінде, GMP ЕС сертификациясының арқасында біз жаңа нарықтарға шыққалы отырмыз. Ең бастысы – біз мақсатымызға адалмыз: өзіміз сенім білдіретін сапалы дәрі-дәрмек жасау. Біз жасаған дәрі-дәрмекті еш қорқынышсыз өзіміздің отбасымызға беруге болатынына сенімдімін. Бұл бәрін дұрыс жасағанымыздың дәлелі", - деді Старак.

Іс-шара аясында компания 60 миллионнан евродан астам сомаға инвестициялық келісімшартқа отыру жоспарын да бөлісе кетті. Бұл қаражат жаңа өндірістік желілер құрылысы мен онкологиялық, кардиологиялық, диабетикалық және неврологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілерді қамтитын заманауи препараттар өндірісіне жұмсалмақ.

"Біздің келесі қадам – жаңа молекулаларды жасап шығару және өндіруге инвестиция құю. Біз ел үшін аса маңызды дәрі-дәрімек туралы айтып отырмыз. Бұл өндірісті кеңейту ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның медициналық қауіпсіздігіне қосқан үлес. Мұндай дәрі-дәрмек осында, Шымкентте өндірілгенін, тәуелсіз әрі ертеңгі күнге сенімді болғанды қалаймыз", - деді Алексеюк.

Жобаны жүзеге асыру қосымша 300 жұмыс орнының құрылуын, өңірдегі технологиялық саланың дамуын қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

Өндірістік мақсаттардан бөлек Polpharma Santo кадрларды даярлау саласына да белсенді түрде инвестициялар жасап жатыр. Іс-шара шеңберінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының төрт студентіне білім гранттары табысталды. Бұл Polpharma Santo компаниясының жас мамандарды қолдауға және фармацевтика саласының кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларының бір парасы ғана. Компания біртіндеп технология пен инфрақұрылымға ғана емес, адам капиталына да инвестиция жасап, тұрақты дамудың ажырамас бөлшегі ретінде болашақ мамандарды даярлауға да үлкен мән беріп отыр.

Шымкентте Polpharma Santo жаңа бренді мен GMP еуропалық стандарты ұсынылды
Фото: Santo

"Біз білім мен технологиялар қашан да елге қайтуы керек деген қағидаға сенеміз. Сол себепті қызметкерлерді даярлап қана қоймаймыз, болашақ тренерлерді, ұстаздар мен сала көшбасшыларын жасап шығарамыз. Тұрақты жүйе осылай, адамдар мен білімге негізделе құрылады" , - дейді Старак.

Басшылықтың сөзінше, ребрендинг – жаһандық фармкартада Қазақстан беделін арттыратын қадам.

"Бүгінде біз Қазақстан Еуропа сенім білдіретін дәрі-дәрмек шығаруға қауқарлы екенін көрсетіп отырмыз. Бұл еліміздің әр азаматы мақтануға тұрарлық мәртебе. Біз жаңа кезеңге аяқ бастық – бұл сенім мен сараптама қатар жүретін сапа", — деп сөзін түйіндеді Адам Алексеюк.

Polpharma Santo ребрендингі және GMP еуропалық сертификатын алу – бұл компания үшін үлкен қадам ғана емес, бүтін Қазақстанның фармацевтикалық индустриясы үшін айтулы оқиға. Бұл жетістіктердің артында жылдар бойғы ерен еңбек, инвестициялар, технологияларды енгізу және бастысы – мықты команда тұр.

"Біз басқаларға қарап, жалтақтамаймыз – өзімізге меже қойып, соған жетуге ұмтыламыз. Біз жұмыс істейтін стандарттар – жақындарымыз үшін лайық стандарттар. Ал бұл, біз үшін табыстың басты критерийі", - дейді Адам Алексеюк.

Polpharma Santo жаңа кезеңге сенімді түрде бет алды. Бұл халықаралық мойындау, технологиялық көшбасшылық және тұрақты даму кезеңі. Бұл бастамасы ғана.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.