jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

Қолына телефон ұстаған қыз
Қолына телефон ұстаған қыз. Фото: pexels.com

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеу;
  • бөгде сілтемелерге өтпеу;
  • белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
  • алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.