jitsu gif branding logo appbranding logo app

Министрлік Астанада сібір жарасына шалдыққан мал еті тарағаны туралы ақпаратқа жауап берді

Ет
Ет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Астанадағы сауда орындарының бірінде сібір жарасына шалдыққан малдың еті сатылып жатқаны туралы интернетте тарап жатқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астанада жұқпалы ауруға шалдыққан малдың еті тарағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жағдай толық бақылауда", - дейді министрлік өкілдері.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті де мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астана қаласы "Әлем" сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдеді.

"Бүгінгі күнге дейін елордадағы сауда орталықтарында, соның ішінде "Әлем" сауда орнында жұқпалы ет өнімінің сатылуы немесе жеткізілуі туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлық жеткізілген ет өнімі міндетті ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

Бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында кешенді дезинфекциялық жұмыстар толық аяқталды. Қауіпті ет өнімдері белгіленген санитарлық тәртіппен жойылды. Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Азаматтарды тек ресми дереккөздерге, яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараттарына сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз", - делінген министрлік хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.