jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақмола облысында 13 жастағы бала жанармайдан уланып көз жұмды

Жанармай құю
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында 13 жасар бала жанармайдан уланып көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім бензиннің уытты буына уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқыс оқиға Зеренді ауданындағы Қызылсая ауылында болған. Оқушының денесін әкесі мен егізінің сыңары жазғы сарайдан тауып алады. Қайтыс болған бала үстел басында отырыпты. Туыстары оның жанынан бензині бар аузы ашық ыдысты байқайды. Айта кетейік, ұлынан айырылған әке балаларын жалғыз тәрбиелеп келген.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"2 шілдеде Зеренді ауданында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды", - деді Ақмола облысы ПД жетекші маманы Әлия Біләлова.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.