jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған тұрғын марапатталды (видео)

Серікбек Сақайбаев мараптталды
Серікбек Сақайбаев мараптталды. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған Серікбек Сақайбаев марапатталды, деп хабарлайды Қарасай ауданының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, 30 маусымда Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар балаға иттер шабуыл жасап, ол ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына құзырлы орган өкілдері келгенше, ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпке қарамастан, баланы арашалап, аман алып қалған.

"Бұл – нағыз азаматтық, батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі", - дейді әкімдік өкілдері.

Серікбек Сақайбаевтың батылдығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылған.

Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстаған.

Сонымен қатар аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырған.

Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері зардап шеккен балаға тезірек сауығып кетуін тілеп, бұл істі толығымен бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Айта кетелік, бұған дейін Серікбек Сақайбаев баланы иттерден қалай арашалап қалғанын айтып берген еді.

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған тұрғын марапатталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.