jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада LRT құрылысына байланысты жолдардың бірі толықтай жабылады

Астанадағы LRT
Астанадағы LRT. Фото: t.me / KZgovernment

Астанада LRT құрылысына байланысты Оңтүстік айналма жолының екі бағытында да көлік қозғалысы толықтай шектеледі, деп хабарлайды CTS-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көлік компаниясының мәліметінше, 12 шілде сағ. 07:00-ден 14 шілде сағ. 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын жолайрығы аумағында, Оңтүстік айналма жолының екі бағытында да көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Бұл шектеу LRT құрылысы аясында уақытша металл тіреуді алып тастап, депоға апаратын көпірді сырлау және жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Көлік қозғалысы Аэропорт және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ ауыспа жолдар арқылы ұйымдастырылады.

"Алдын ала жүретін бағытыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!", - дейді компания өкілдері.

Астанада LRT құрылысына байланысты жолдардың бірі толықтай жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.