jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Басқарудың екі түрі ғана сақталады: Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты заңға қол қойды

Тұрғын үй кешені
Тұрғын үй кешені. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметіне қатысты түзетулер енгізілген заңға қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Бұл заң аясында Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізілген.

Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).

Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты.

Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Басқарудың екі түрі ғана сақталады: Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты заңға қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.