jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанадағы Ұлы Дала даңғылы бір айға ішінара жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Астанада 16 шілдеден бастап Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Шектеу бір айға созылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдері хабарлағандай, Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар "Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу" жобасы аясында жүзеге асырылады.

"Осыған байланысты биыл 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған мекеме хабарламасында.

Астанадағы Ұлы Дала даңғылы бір айға ішінара жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.